Баян Мақсатқызы «Тұмар» сыйлығына болашақ жұбайы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық продюсер әрі тележүргізуші Баян Мақсатқызы елімізде алғаш рет өткізіліп  жатқан «Тұмар» телевизиялық сыйлығын табыстауға арналған салтанатты шараның арнайы қонағы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null  
«Біз үшін көрерменнің күлкісі мен алғысы әр уақытта да жоғары марапат болып келді. Барлығымыз да соған ұмтыламыз. Дегенмен, сені кәсіби тұрғыда сол саланың мамандарының бағалауы мүлдем өзгеше көңіл-күй сыйлайды. Бұл сыйлық телеарнада жұмыс істейтіндерге, біздерге аса қажет деп білемін. Ол зор ынтамен жұмыс істеп, әділ бәсекелестіктің болуына септігін тигізеді. Барлығы да ашық, әділ өтетіндігіне және нағыз лайықтылар жеңімпаз болатындығына сенеміз», - деді ол салтанатты шараның ашылу рәсімі алдында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол Қазақстанның телевидение саласы үнемі даму үстіне келе жатқанын баса айтты.
null  

«Осыдан 20 жыл бұрын телевидение жасаған дүниелерді қазіргімен салыстырсақ, мүлдем басқа деңгей екендігі анық. Қазіргі уақытта қызықты жасалған қандай да бір  телеарна жобаларын айрықша атап өтуге болады. Франчайзинг бойынша жасалатын көңіл көтеру бағытындағы жақсы дүниелер бар. Меніңше, біз қандай да бір детальдарда кемшін түсіп жатқанымыз жоқ. Толықтай алғанда біз даму үстіндеміз, бұл жақсы», - деді Баян Мақсатқызы.

Айта кетерлігі, салтанатты шараға Баян Мақсатқызы болашақ жұбайы, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовпен бірге келді.

Соңғы жаңалықтар