Баян Мақсатқызы өз кітабының сатылымынан түскен қаражатқа жаңа жоба ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Баян Есентаева сиясы әлі кеппеген жаңа кітабының сатылымынан көбірек пайда түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматыда «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының таныстырылымы өтеді. Жақында ғана продюсер бір жыл бойы сұхбат бермейтінін хабарлаған еді. Сондықтан, жаңа кітаптың жарық көруіне арналған баспасөз мәслихатында журналистер өздерін қызықтырып жүрген барлық сауалды Баян Мақсатқызы ұзақ «демалысқа» кетпей тұрғанда қойып алды.

«Мен жеке сұрақтарға жауап бермеймін. Өз кітабымда мүмкіндігінше бәрін ашық айттым. Кез келген адекватты адам кітабымды оқыған соң, маған сұрақ қоймайтын болады. Шынымды айтсам, баяғыда зейнетке шыққанда ғана кітап жазамын деп ойлаушы едім. Қартайып, қолым босағанда, естеліктер жазамын деп ойлағанмын. Бірақ, менің өмірімнің астан-кестеңі шықты... Сол себепті, кітап та ертерек жарық көрді. Менің өмірімде ауыр кезең болды», - деп ақтарылды Баян.

Жеке кітабынан бөлек, Баян Мақсатқызы өзінің жаңа жобасы - әйелдердің құқығын қорғау қоғамы жайында айтты. Кітаптың сатылымынан түскен табыстың басым бөлігі аталған жобаның ашылуына жұмсалады.

«Бәрі сатылымның қалай жүретініне байланысты. Әйелдердің құқығын қорғау ұйымын ашу үшін сатылымнан көбірек ақша түскенін қалаймын. Онда тұрмыстағы зорлық-зомбылық қана емес, балаларды қорғау мәселесіне де назар аударылады. Егер ана бақытсыз болса, бала да бақытсыз. Егер орталық биыл ашылса, «демалысымды» үзуге тура келеді. Немесе тек қана ресми мәлімдемелер ғана жасаймын», - деп толықтырды Баян.

Танымал продюсер жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын алып қашқанымен, отбасы туралы сұраққа жауап беруге тура келді.

«Менің екі қызым ересек адамдар. Кітап жазғанда олардан не жазып, не жазбау керектігі туралы рұқсат сұраған жоқпын. Бірақ, белгілі бір қағидаларды ұстанғаным рас. Кіші қызым кітапты оқып, қатты жылағанын айтты. Ал үлкеніммен бұл туралы сөйлесіп үлгермедім, бірақ ол өзінің рецензиясын дайындап қойды. Оның кітап туралы пікірін бүгін білеміз», - деді продюсер.

Еске сала кетсек, өткен жылдың маусым айында Баян Мақсатқызын бұрынғы күйеуі соққыға жыққан болатын. Денсаулығы қалпына келген соң, Баян тұрмысқа екінші рет шыққалы жатқанын жариялады.

Соңғы жаңалықтар