Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауысуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербургтің «Зенит» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты «Зенит» футбол клубының Александр Медведев растады. Ол ресейлік ақпарат порталына Қазақстан құрамасы капитанының Катардағы оқу-жаттығу жиындарында жүргенін айтқан. Енді «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубта қаралымнан өтеді.

Бауыржан Исламханның «Қайратпен» келісім-шарты өткен маусымның соңында аяқталған. Айта кетейік, ол 2015-2017 жылдары Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы, 2014 және 2016 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған.


Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар