Бауыржан Байбек: Тағы 110 мың мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Birgemiz» қорынан тағы 110 мың мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасы арқылы жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар, Елбасының тапсырмасымен «Birgemiz» қоры біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін жүргізгенін хабарлаймын. Шағын қалалар мен ауылдардағы және ірі қалаларға іргелес елді мекендердегі 110 мыңнан астам аса мұқтаж отбасы 50 000 теңгеден алды», - деп жазды ол.

Осылайша, бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық қор 470 000-нан астам отбасыны немесе 1,6 миллион қазақстандықты тікелей атаулы көмекпен қамтып отыр.

«Біздің «Jas Otan» жастар қанатымыз бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам волонтерді жұмылдырып, 256 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға 5 миллион тегін маска үлестірілді. «Birgemiz» қоры есебінен Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін жаңа үйлер құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап нұротандықтар еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысына 1000 тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдарын жіберді», - деп хабарлайды Бауыржан Байбек.

Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жедел және үйлесімді жұмысы үшін барша партияластарға, жасотандықтарға, партияның өңірлік филиалдарына шынайы алғысын білдірді.

«Елбасының үндеуіне қолдау білдірген барша меценаттарға ерекше рақмет айтамын. Осы аптаның ішінде біз партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хаттарын табыстауды бастаймыз», - деп жазды ол.


Соңғы жаңалықтар