+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Бауыржан Байбек әйелдерді партияның праймеризіне қатысуға шақырды

2020 жылғы 8 наурыз 15:05
Бөлісіңіз:
Бауыржан Байбек әйелдерді партияның праймеризіне қатысуға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазақстандық қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларды Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық праймеризге қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктем жаршысындай болған шұғылалы мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!⠀

Тал бойларыңызға әсемдік пен әдемілікті, ізгілік пен жылылықты, мейірім мен махаббатты, ақыл мен парасатты тоғыстырып, төңіректеріңізді таңғажайып арайға бөлеп жүрген Сіздер қандай құрметке болсын лайықсыздар. Асыл жар, абзал ана ретінде әрдайым барша берекенің бастауы, бірліктің ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы болып келесіздер», - деп жазды партияның бірінші орынбасары Facebook-тегі парақшасында.

Бауыржан Байбек сондай-ақ отбасымен қатар Отанымыздың да гүлденуіне өз үлесін қосып, ерен еңбегімен, ерекше дарынымен ел құрметіне ие болған әйелдер де жеткілікті екенін айтып өтті.

«Сондықтан біздің партиямыздың көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» алдағы сайлауда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өздерінің партиялық тізімдері арқылы кем дегенде 30% әйелдердің кандидатурасын ұсынылуын жоспарлап отыр. Ол үшін осы жылдың сәуір-мамыр аларында партияішілік сайлау-праймериз өткіземіз. Ел тағдырына бей-жай қарамасаңыз, онда «Nur Otan» партиясыныңесігі қашан да ашық!» - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Nur Otan партиясы, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT