Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдай конституциялық жолға қайтқаны қуантады – Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды.

Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар