Батыстағы үш өңірге ортақ балық инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Нұрлыбек Асылбекұлы Ғайсин Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлыбек Ғайсин 1971 жылы 2 тамызда Атырау облысында дүниеге келген.

Мәскеу әлемдік экономика және қаржы институтын «заңгер» мамандығымен бітірген.

Балық шаруашылығы саласында 1995 жылдан бері жұмыс істейді.

Еңбек жолын «Балықшы» балық қорғау инспекциясының мемлекеттік инспекторы лауазымынан бастаған.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қамыс арасына жасырылған үш жүрдек қайық тәркіленіп, Каспий жағалауынан браконьерлердің «қонысы» табылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар