Батыстағы әскери бөлімдер дабылмен көтерілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабылмен көтеріліп, жазғы оқу-жаттығу кезеңін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жеке құраммен мемлекеттік және құқықтық дайындықтан сабақтар өткен. Әскери бөлімдер тактикалық-саптық жаттығуларын өткізу үшін жеке құрам дабыл бойынша көтерілген.

«Өткізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты – әскерлерді жауынгерлік-жедел басқару және басқару жүйесін жетілдіру. Біз жауынгерлік дайындық кезінде әскери бөлімдердің берілген тапсырманы уақытында орындау мүмкіндігін тексереміз. Осы уақытта әскери бөлімдерде жылжымалы және стационарлық командалық пункттер құрылып, байланыстың, коменданттық қызметтің барлық түрі ұйымдастырылады» - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел бөлімінің бастығы, полковник Талғат Кенжетаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Батыста жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп, Отанға адал болуға ант берген еді.


Соңғы жаңалықтар