+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Батыста жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп жатыр

2021 жылғы 15 мамыр 03:00
Бөлісіңіз:
Батыста жас сарбаздар әскери дайындықтан өтіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған жас сарбаздар алғаш рет оқ-дәрінің иісін иіскеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды Петропавл әскери институтын биыл Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары да бітіріп шықты 19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу гарнизондарының 200-ден астам әскери қызметшісі алғашқы жауынгерлік атыс жаттығуларын өткізіп, «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілерінің жолағын бағындырды.

«Атыс жаттығулары – жас сарбаздрдың даярлық үрдісінің шешуші кезеңдерінің бірі. Әскерилер бұл іс-шараны «оқ-дәрінің иісін сезу» деп те айтады. Жас сарбаздардың алғашқы әскери дайындығы бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл 24 күнге созылады. Осы кезеңде сарбаздар тактикалық, атыс, дене шынықтыру, атыс дайындығы сияқты пәндердің негізгі түсініктерімен танысады. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылар саптық жаттығу элементтерін, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, жалпы әскери ережелерді меңгереді», - дейді жас сарбаздар взводының командирі лейтенант Ғазиз Ерсейітов.

Бірінші ату қорытындысымен ең жақсы нәтижені 100-ден 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Ермек Мұханалин көрсеткен.

«Мен командирлерімнің барлық нұсқауын орындадым. Келесіде өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз жауынгерлік дайындықтың негіздерін қызығушылықпен үйреніп, ант беруге дайындалып жүрміз. Жас сарбаздарда Отанға қызмет етуге деген ықылас та, талпыныс та бар», - дейді жас сарбаз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT