+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Батысқазақстандықтар Ақтөбеде лаңкестер қолынан қаза тапқандарды еске алды

2017 жылғы 6 маусым 17:26
Бөлісіңіз:
Батысқазақстандықтар Ақтөбеде лаңкестер қолынан қаза тапқандарды еске алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы 5517-әскери бөлім клубында бұдан бір жыл бұрын Ақтөбе қаласында лаңкестер шабуылына тойтарыс берген 6655-әскери бөлім қызметкерлерінің ерлігіне арналған «Мәңгілік сапта» шарасы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сол күні үш бірдей әскери қызметкер, майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар қазаға ұшыраған болатын.
null

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер мен әскери қызметкерлер үш батырдың портреттеріне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Біз өз Отаны үшін жанын берген ерлерді ешқашан ұмытпаймыз. Олардың батырлығы кейінгі ұрпақ үшін мәңгі өшпес өнеге болып қалады», деді өз сөзінде «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев.
null

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы, доғарыстағы подполковник Бақытжан Бердиев, қолбасшылық басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірасыл лаңкестерге тойтарыс берген әскери қызметшілердің есімдері ел есінде екендігін, осы орайда «Мәңгілік сапта» шарасының ҚР Ұлттық ұланына қарасты барлық әскери бөлімде ұйымдастырылғанын жеткізді.
null

Айта кетейік, ерлікпен қаза тапқандардың бірі, батысқазақстандық Берікжан Қалиевтің отбасы (зайыбы төрт баласымен бірге) қазіргі таңда Орал қаласында тұрып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT