+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Батысқазақстандық волонтерлер полицейлер мен дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізді

2020 жылғы 8 сәуір 03:22
Бөлісіңіз:
Батысқазақстандық волонтерлер полицейлер мен дәрігерлерге ыстық тамақ жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің волонтерлер тобы дәрігерлер мен полицейлерге ыстық тамақ жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Біз біргеміз!» жалпыреспубликалық шарасына батысқазақстандық ЖОО осылайша үлес қосты.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтановтың айтуынша, еріктілер «Ивушка» карантиндік стационары мен «Кумыска» провизорлық госпиталінде, облыстық жедел жәрдем стансасында еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ 9 блокпосттағы полицейлерге, барлығы 240-тай адамға ыстық тамақ апарды.

Сонымен қатар университет ардагерлеріне аса қажетті азық-түлік өнімдері жеткізілді. Сөйтіп 75 зейнеткер бір айға жететін азық-түлікпен қамтылды.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Асхат Өкшебаев шара барысында тұрғындарды үйде отырып, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

«Біз төтенше жағдай кезінде үзіліссіз еңбектеніп жатқан полиция және медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Мұндай кезеңде бәріміз де бір болып, қолдан келген көмегімізді аямауға тиістіміз. Әр адам жауапкершілігін сезініп, соның ішінде тұрғындар өз денсаулығын ойлап, үйлерінде отырғаны маңызды», деді А.Өкшебаев.

Облыстық жедел жәрдем стансасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнәр Жұмағалиева карантин жағдайында әр маусым сайын 10 бригаданың жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

БҚО полиция департаменті тыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ержан Ерғариннің сөзіне қарағанда, Меловые горки маңындағы №2 блокпосттан күніне 350-400-дей автокөлік өтеді. Мұнда да барлық жұмыстар талапқа сай атқарылуда.

«25 қызметкер еңбек ететін «Ивушка» карантиндік стационарында 1 «а» санатына жататын елдерден келген адамдар жатыр. Олар күн сайын алты мәрте ауқаттанады. Күндіз және түнгі ауысымда жұмыс жасайтын қызметкерлер де ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Университет қызметкерлерінің осынау ықыласына ризашылығымызды білдіреміз», деді дәрігер Ажар Ахмедьярова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 80-нен астам волонтердің 15 мың маска тігіп, тегін таратпақшы екендігін, БҚО-да 120-дан астам адамның арнаулы жиынға қатысуға ниет білдіргенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT