Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 2300-ден астам бала коронавирус жұқтырды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2313 бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның 2162-сі жазылып шықса, 151-і емделу үстінде.

Өңірде биыл балалардың коронавирусқа шалдығуы өскені байқалады.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырудың жалпы деңгейі соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, 9,7 пайызға төмендеді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 1373 адам амбулаториялық ем алуда.

Инфекциялық стационарларда 450 науқас ем қабылдап жатыр. Соның 176-сы қалалық модульдік стационарда, 85-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 94-і облыстық көпбейінді ауруханада жатыр. Сондай-ақ аудандардағы ауруханаларда да емделіп жатқандар бар. Стационарлар 42,3 пайызға толған.

Жансақтау бөлімшесіндегі 41 науқастың бесеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Соңғы тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталса, 70 науқас емделіп шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 370 адамнан коронавирус табылғанын, індетке қарсы вакцина салдырғандар саны 211 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар