Батыс Қазақстанда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО-ның Жаңақала ауданында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңір аудандарында осындай кешендердің салынып жатқандығын атап өтті.

«Әр мемлекет спортпен айналысқы келетін адамдарға толық жағдай жасауы керек. Әсіресе, жас ұрпақтың дені сау, рухы биік болып өссе, ел болашағы да жарқын бола түспек. Осыны

ескере отырып, бұдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы облыстың әр ауданында заманауи спорт кешенін салуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда бірден алты ауданда, атап айтқанда, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталов, Теректі және Шыңғырлауда осындай ғимараттар бой көтеруде. Бүгін Жаңақалада жаңа кешеннің пайдалануға берілуі даңқты спортшы-бапкерлері бар, дәстүрі бай ауданда спортты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», деді өңір

басшысы.

Шара барысында осы кешен құрылысына қаржы бөлген «ҚПО б.в.» компаниясы мен мердігер мекеме – «Жайық сельстрой» ЖШС атына алғыс айтылды.

Жаңа кешеннің лентасын облыс әкімімен бірге аудан мақтанышы, самбодан жастар арасында әлем чемпионы Ерасыл Бақыт қиды.

Жалпы ауданы 991 шаршы метрді құрайтын, 160 орынға есептелген спорт кешенінде волейбол, баскетбол, футзал ойын түрлеріне арналған спорт залы, жекпе-жек спорт түрлеріне арналған зал және шағын жаттығу залы тұрғындарға қызмет көрсететін болады.

Айта кетейік, Жаңақалада аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде.


Соңғы жаңалықтар