Батыс Қазақстанда тағы үш адам суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы үш адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 шілде күні Орал қаласында 60 жастағы ер адам Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кетті.

Марқұмның денесін 1-саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 22.38-де шығарды.

Тағы бір қайғылы оқиға Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі Ескіесім елді мекені маңында болды. 12 шілде күні сағат 08.25-те құтқарушылар (4 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) Жайық өзенінен 19 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол 11 шілде күні жабдықталмаған жерден сағат 18.00-де батып кеткен.

12 шілде күні сағат 10.07-де Оралда «Комарово» саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (5 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 18 жастағы жігіттің денесін Жайықтан шығарды. Ол 10 шілде күні сағат 16.36-да жабдықталмаған жерде шомылу кезінде судан шықпай қалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда суға кеткендердің тең жартысынан астамы балалар екендігін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар