Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 370 адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 9-12 қыркүйек аралығында 370 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, солардың 250-інде ауру белгілері болса, 120-сы – симптомы жоқтар.

Сондай-ақ 204-інен ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген кезде ковид анықталды. 77-сі бұрын ауырғандармен байланыста болса, 84-і профилактикалық мақсатта қаралған. Бес адамнан эпидемиологиялық қадағалау бағытында сынама алынған.

Ауырғандардың 134-і Орал қаласында, 40-ы Бәйтерек, 38-і Бөрлі, 28-і Шыңғырлау, 26-сы Тасқала мен Ақжайық, 23-і Теректі аудандарында тіркелді.

Департамент мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері 36 200 адам індетке шалдығып, 28 228-і жазылып шықты. 713 науқас көз жұмды.

Жалпы сырқаттанғандардың 18 272-сі Орал қаласы, 4781-і Бәйтерек, 4422-сі Бөрлі, 1643-і Теректі, 1313-і Ақжайық, 1054-і Казталов, 1044-і Шыңғырлау ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде мыңға жуық адамның коронавирус екпесін салдырғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар