+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

2021 жылғы 14 маусым 13:35
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 299 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да оқшаулау режимін бұзған 12 адамға айыппұл салынды Атырауға Ресейден келген 54 қазақстандықтан коронавирус анықталды СҚО-да коронавирус жұқтырған 49 адамның жағдайы ауыр

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 251-інде ауру белгілері болса, 48-інің симптомы жоқ.

Төрт күнде індет табылғандардың ішінен 208-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген. 65-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Профилактикалық мақсатта 25, стационарға жатқызар алдында 1 адамнан сынама алынғанда, ковид жұқтырғаны мәлім болды.

Науқастардың 152-сі Орал қаласында, 50-і Бәйтерек, 33-і Бөрлі ауданында тіркелген.

Департамент мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері облыста анықталған 23594 науқастың 18630-ы жазылып шықты, 354-і өмірден өтті.

Соның ішінде Оралда барлығы 13181, Бәйтерек ауданында 2889, Бөрліде 2614, Теректіде 980, Ақжайықта 813, Шыңғырлауда 600, Қазталовта 554 адамнан коронавирус шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны көбейіп отырғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT