Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 260-қа жуық адам коронавирус жұқтырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 258 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның басым көпшілігінде, яғни 215-інде ауру белгілері болса, 43-інің симптомы жоқ.

Науқастардың 185-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген,

49-ы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған, 24-інен профилактикалық мақсатта сынама алынған.

Сырқаттанғандардың 125-і Орал қаласында, 34-і Бәйтерек, 34-і Бөрлі ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 24280 науқастың 19441-і жазылып шықты. 367 адам көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 13524-і Орал қаласы, 2982-сі Бәйтерек, 2697-сі Бөрлі, 997-сі Теректі, 835-і Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар