Батыс Қазақстанда санитарлық постар алынады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес облыстағы санитарлық посттар алынады.

Сондай-ақ сенбі күндері сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады, қоғамдық көліктер жүреді. Ал ашық базарлар жексенбі күні де жұмыс істейді.

Есесіне жексенбі және мереке күндері сауда үйлері мен орталықтары (бутиктер, павильондар), онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жабық базарлар жұмыс істемейді. Сол секілді қоғамдық көліктер де бұл күндері тоқтатылады.

Облыс көлемінде басқа да шектеулер сақталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда санитарлық постар қойылатынын, коронавирусты емдеуге қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті екендігін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар