Батыс Қазақстанда республикалық жол жабылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне қарағанда, 18 желтоқсан күні сағат 00.45-тен бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (266-394 шақырым аралығы, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Жымпитыға дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі - жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ.

БҚО ТЖ департаменті соңғы күндері ауа райының құбылмалы болуына байланысты тұрғындарға сақ болу керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар