Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өзен жағасынан малдың өлекселері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Бәйтерек ауданы Белес ауылы маңында болды.

Ауыл тұрғыны өзен жағасынан қой, ешкі, сиыр, жылқының өлексесін тауып, алаңдаушылық білдірген.

Белес ауылдық округінің әкімі Мәлік Ильясовтің айтуынша, өлекселер ұрланған малдікі емес, иесі анықталған.

«Орал қаласындағы бір шаруашылыққа тиесілі болып шықты. Жол нашар болған соң, мал моласына жеткізбей тастаған болуы керек», - деді ауыл әкімі.


Соңғы жаңалықтар