+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда орман өртенді

2021 жылғы 23 маусым 00:02
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда орман өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында орман отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда кафе жанынан салынған монша өртенді Түркияның алты провинциясында орман өртеніп жатыр Анталияда іссапармен жүрген қазақстандық медицина мамандары өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде болды.

Сағат 13.15-те Қызылжар елді мекені маңында 9,5 гектар алқапта орман (қарағаш және терек) өртенді.

Оқиға орнында ТЖ департаменті (41 адам, 4 техника), орман шаруашылығы мекемесі (40 адам, 3 техника), жергілікті атқару органдары (10 адам, 2 техника) күштері жұмыс жасады.

«Тілсіз жау» сағат 18.20-да оқшауланып, 22.14-те ауыздықталды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 23 маусым күні облыста 39 градус ыстық болуы ықтимал.

БҚО ТЖ департаменті соңғы кезде күннің қатты ысуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталып отырғанын ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Рахмет» азық-түлік дүкенінің өртенгенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT