Батыс Қазақстанда мас күйінде суға түскен екі адам батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мас күйінде суға түскен екі адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 13 маусым күні кешкісін Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық елді мекенінде болды.

«Сая» демалыс орнында 33 жастағы әйел суға түсіп, батып кеткен.

Куәлардың сөзіне қарағанда, отбасымен, достарымен серуендеген ол мас күйінде болған. Әйелдің денесі құтқарушылар келгенше, сағат 19.45-те судан шығарылған.

Тағы бір оқиға Орал қаласында болды. 14 маусым күні сағат 00.07-де 28 жастағы жігіт шомылуға жабдықталмаған жерден суға түсіп, батып кеткен. Ол да таныстарымен бірге арақ ішкен.

Марқұмның денесін жедел құтқару жасағының іздеу тобы сағат 02.25-те судан алып шықты.

Осымен Батыс Қазақстанда биыл 12 адам суға кетсе, соның үшеуі – балалар.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережесін ұмытпау керектігін тұрғындар есіне салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өзенге құлап кеткен екі баланың құтқарылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар