Батыс Қазақстанда мал іздеуге шығып, адасып кеткендер құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында мал іздеуге шығып, адасып кеткен тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінде болды.

Сағат 11.00-де 31 жастағы екі тұрғын «ВАЗ-21031» автокөлігімен жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен.

Сағат 18.33-тен бастап ТЖ департаментінің 4 қызметкері екі автокөлікпен адасып кеткен тұрғындарды іздестірді. Соның нәтижесінде автокөлігі сынып қалған екі тұрғын Аралтөбе ауылынан 20 шақырым жерден сағат 21.24-те табылды.

Аралтөбе ауылына жеткізілген тұрғындар құтқарушыларға ризашылығын білдірді.

Құтқарушылар тұрғындардан ауа райына байланысты синоптик болжамын мұқият қадағалап, ескерту жарияланған күндері елді мекендерден алысқа кетпеу қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар