+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда коронавирустан әйел адам көз жұмды

2020 жылғы 6 маусым 22:59
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда коронавирустан әйел адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирустан қайтқан бір адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысына 55 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі Бердібек Сапарбаев Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді Медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын халықтық бақылау құрамыз - Алексей Цой

Індеттен 1952 жылғы әйел көз жұмды.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл дерек себебін коронавирус жұқпасынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, «Ақжайық» провизорлық стационарында жатқан Орал қаласының тұрғыны 27 мамыр күні ауыр жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Емделуші екіжақты пневмониямен ауырған. Сондай-ақ орта дәрежедегі қант диабеті диагнозы қойылған. Реаниматолог қарап, тиісті ем алған. 30 мамыр күні науқастың жағдайы нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлердің барлық шараларды қабылдағанына қарамастан, емделушінің 3 маусым күні жүрегі тоқтады.

Осылайша Қазақстанда коронавирустан қайтқандар саны 53- ке жетсе, Батыс Қазақстан облысы бойынша екінші адам.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирустан көз жұмған ер адамның Теңіз кен орнында жұмыс істегенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT