+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр

2021 жылғы 14 маусым 15:39
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырған адам саны 250-ге жуықтады Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 3 730 920 адам салдырды Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жыл басынан бері өңірде 14373 адамнан індет табылды.

Ауырғандардың 55,7 пайызы (8008) Орал қаласында, 14,3 пайызы (2063) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1603) Бөрлі ауданында анықталған.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,7 пайызға (44 науқасқа) төмендеді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, облыста 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 416 науқас емделуде. Соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 ауруханада 356 адам жатыр. 30 науқас жансақтау бөлімінде.

Өңірде 77486 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 36395-і екінші компонентін салдырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT