Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 100-ге жуық бала емделіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 95 бала емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның көпшілігі амбулаторлық ем қабылдауда.

Жыл басынан бері барлығы ковидпен 2706 бала тіркелсе, соның 2611-і жазылып шықты.

Қазіргі таңда облыста 878 адам үйлерінде емделуде.

Стационарларда 303 пациент бар. Соның 161-і модульдік стационарда, 96-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Стационарлар 28,6 пайызға толған. 27 науқас ауыр халде болса, соның үшеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 28 819 науқас тіркелсе, соның 19 930-ында ауру белгілері бар.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 9,9 пайызға төмендеді.

Өткен тәулікте 45 адамның індет жұқтырғаны анықталса, 14-і жазылып шықты.

Соңғы тәулікте 190 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді.

Облыста барлығы 226 090 адам бірінші компонентті қабылдады, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 62,8 пайызы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар