Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соның ішінде Оралда 600 төсектік 5 стационарда 375 науқас емделуде.

Соның ішінде 36-сы жансақтау бөлімінде жатыр.

Басқарма мәліметіне қарағанда, 1444 (679-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын резерв ретінде әзірленді.

Алдыңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 13 адам ғана тіркелсе, кеше 88 науқас анықталды.

Соңғы тәулікте алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 7,2 пайызға (37) төмендеді.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 24189 адам сырқаттанып, 19378-і сауығып шықты.

Коронавирустан қайтқандар саны - 364.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бір күнде коронавирустан 138 адам сауығып шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар