Батыс Қазақстанда электр энергиясының апаттық ажырауы жиілеуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда электр энергиясының апаттық ажырауы жиілеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізілген талдауға сәйкес ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар өңір анықталды. Батыс Қазақстан облысында нарық субъектілері арасында төлемақы жүргізбей, берешек жинақтау проблемасы бар. Бұл энергия өндіруші ұйымдар тарапынан тұтынылған газ үшін төлемге де әсер етеді. Сонымен қатар өңірдегі 83 электр желісінің ескіріп тозуына байланысты апаттық ажыраудың өсу қаупі байқалады. Батыс Қазақстан Өңірлік электр желілік компаниясының меншік иесі – Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шұғыл іс-шаралар қабылдау ұсынылады», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар