Батыс Қазақстанда екі тұрғын үй өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 20 наурыз күні Теректі ауданы Барбастау ауылында болды.

Сағат 18.27-де Б.Момышұлы көшесі 2-мекенжайында тұрғын үйдің жанып жатқаны белгілі болды.

Аумағы 90 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 20.14-те оқшауланып, 21.21-де толықтай сөндірілді.

Сондай-ақ бүгін сағат 10.24-те Орал қаласында Қ.Жұмағалиев көшесі 11-мекенжайында жеке үйдің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен.

Тұрғын үйдің шатыры мен төбе жабындары жанды. Аумағы – 70 шаршы метр.

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам 4 техникамен жұмыс істеді.

«Тілсіз жау» сағат 11.27-де ауыздықталды.

Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін тұрғындар есіне салады.


Соңғы жаңалықтар