Батыс Қазақстанда екі снаряд табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 қаңтар күні Қазталов ауданы Қараөзен ауылдық округінде орын алды.
«Қазақия» ЖШС қорықшысынан Жас ауылынан үш шақырым жерде «Сарышығанақ» қыстағы маңынан әуе бомбасына ұқсас снаряд тауып алғаны жөнінде хабар түскен.
Снарядтың ұзындығы 150 см, диаметрі 40 см.
Қазталов ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері де аталған жарылғыш затты тексеру және айналаны қарау барысында дәл осындай тағы бір снаряд тапты. Ұзындығы мен диаметрі де бірдей.
Барлық қауіпсіздік шаралары алына отырып, аталған аумақ қоршалды.
Снарядтар арнайы саперлар және мамандардың көмегімен жойылатын болады.
- Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған
- Сарыағаш тұрғыны карантин кезінде 200 адамды жинап, қыз ұзату тойын жасаған
- Атырауда ауа райына байланысты оқушылар мектепке бармайды
- Мәскеу метросында «вагонды жарып жіберем» деп елді қорқытқан адам ұсталды
-
Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылды
-
Мәскеу метросында ер адам граната жарам деп полицейлерді қорқытып отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам