+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда бір айда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 27 қаңтар 19:20
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда бір айда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қаңтар айында 99 бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» ауысты Елордада мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды ДСМ: Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 248 адамның жағдайы ауыр

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыркүйек айынан бері барлығы 304 баладан індет табылды.

Соның ішінде қарашада – 102, желтоқсанда 78 бала сырқаттанған болатын.

«Қызыл» аймаққа кірген өңірде соңғы тәулікте 95, бір аптада 555 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді.

Індет басталғаннан бері 10585 адам ауырса, соның 8907-сі жазылып шықты. 197 адам өмірден озды.

Қазіргі таңда инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 7, оттегі концентраторына 15, орталықтандырылған оттегі көзіне 57 адам қосылған.

Облыстағы 7 жұқпалы аурулар ауруханасында 291, 4 карантиндік стационарда 36 адам емделуде. 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтыру деңгейінің өткен жылдың шарықтау шегіне жақындағанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT