+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

2021 жылғы 14 маусым 20:33
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда тұрғыны Ақмола облысында болған жол апатынан көз жұмды Ақмолада мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды Атырау-Индер жолына полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 12 маусым күні Қаратөбе ауданында болды.

Сағат 08.30-да Қаратөбе-Қаракөл жолының 24-шақырымында 1992 жылғы жүргізуші «ВАЗ-2110» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалды.

Жүргізуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында мерт болды. Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйел адамды қағып кеткенін, полиция қызметкерінің мас күйінде жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT