Батыс Қазақстанда автокөлік 66 жастағы әйелді қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік 66 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 қараша күні кешкісін Бәйтерек ауданында болды.

Шамамен сағат 18.50-де 29 жастағы әйел жүргізуші «ВАЗ-2114» автокөлігімен Трекин ауылынан Оралға қарай келе жатып, Орал-Кирсанов жолының 3-шақырымында жол апатына ұшырады. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, көлігімен 1955 жылғы әйелді қағып кетті.

Соның салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Батыс Қазақстанда кеше жаңбыр жауып, одан кейін қатырып, жолдар көктайғаққа айналды. Орал қаласында адамдардың жаяу жүруі де қиындап тұр. Бүгін таңнан бастап құлап, түрлі жарақат алып, дәрігерге жүгінгендер көбейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік сиырға соғылып, екі адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар