Батыс Қазақстанда ауа райының бұзылатыны жөнінде тағы да ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ертең тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 23 қаңтар күні оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Облыс орталығы Орал қаласында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

БҚО ТЖ департаменті ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланып, тұрғындарға хабарланып жатқанын жеткізді.

Төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде боран соғатынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар