Батыс Қазақстанда адасқан 4 адам бір тәуліктен кейін табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында адасқан төрт тұрғын бір тәуліктен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 24 наурыз күні Қазталов ауданында орын алды.

Үш ересек адам және бір жасөспірім «УАЗ» автокөлігімен Қазталов ауылынан сағат 14.00-де Қурайлы қыстағына қарай шығып кеткеннен оралмаған.

Оларды ТЖ (1 қызметкер), жергілікті полиция қызметі (3 қызметкер, 1 техника) және ауыл тұрғындары (3 адам, 1 техника) іздестірді.

Іздестіру тобымен аталған адамдар бүгін сағат 11.30-да Қайып қыстағынан (Қазталов ауылының солтүстігінде 35 шақырым қашықтықта) 3 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекті қажетсінген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мангалға тамақ пісіремін деп күйіп қалған екі адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар