Батыс Қазақстанда 1500-ге жуық адам ревакцинациядан өтті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1490 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, сондай-ақ 2573 адам Pfizer вакцинасын қабылдады.

Бұлардың 1454-і – жасөспірімдер, 82-сі – жүкті, 1037-сі – бала емізетін әйелдер.

Облыста егілуге тиісті 414 389 тұрғын болса, соның 250 354-і (60,4 пайызы) вакцинаның бірінші, 233 593-і (56,4 пайызы) екінші компонентімен егілді.

Орал қаласында егілуге тиісті 224 092 адамның 127 455-і бірінші компонентті қабылдады.

Өңірде вакцина қоры жеткілікті, егу жұмыстары жалғасуда.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 5,6 пайызға (7 науқасқа) төмендеді.

Облыста COVID-19 диагностикасы бойынша 13 зертхана жұмыс істейді. Соңғы тәулікте 395 зерттеу жүргізілді.

Қазіргі кезде амбулаторлық ем алып жатқан 286 адам болса, соның 76 пайызының ауруы жеңіл өтуде. 4 пайызы – орташа, 20 пайызы – симптомы жоқтар.

Емханалар жанында 132 мобильді бригада күн сайын 700-ден астам шақырту бойынша барады.

Облыста 610 төсектік 11 инфекциялық стационарда 122 науқас емделуде. Соның ішінде 115-і қаладағы стационарларда. Жансақтау бөлімшелерінде жатқан 9 адамның жетеуінің жағдайы ауыр. Бұлардың төртеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, үшеуі оттегі концентраторына қосылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 2 531 адамға Pfizer вакцинасы егілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар