Батыс Қазақстанда 15 тонна пішен жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 15 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 21 наурыз күні Бәйтерек ауданы Асан ауылында орын алды.

Сағат 11.57-де Рабочая көшесіндегі ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аумағында 15 тонна пішеннің жанып жатқаны жөнінде хабар түсті.

Тілсіз жау өрт сөндірушілердің (7 адам, 2 техника) күшімен сағат 14.23-те ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖ департаменті отпен абай болудың қажеттігін, сөндірілмеген алаудың, темекі мен лақтырылған сіріңкенің өртке ұласуы мүмкін екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар