Батыс Қазақстанда 10 тоннадай жүк тиелген автокөлік өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 10 тоннадай жүк тиелген автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 13 сәуір күні Ақжайық ауданы Ілбішін ауылы маңында болды.

Сағат 12.50-де Орал-Атырау жолының 175-шақырымында Mercedes Benz жүк көлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Шамамен 10 тоннадай құрылыс материалдары (тұсқағаздар) тиелген көлік Украинадан Тәжікстанға бет алған. Көлік Өзбекстанның «Sergorus» қоғамдық бірлестік ұйымына тиесілі. Жүктің иесі анықталып жатыр.

№10 өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлерінің күшімен (4 адам, 1 техника) сағат 15.04-те өрт оқшауланып, 15.52-де толық сөндірілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 2,5 тонна балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды.




Соңғы жаңалықтар