+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Батыс Қазақстан облысында көліктің өртенуі жиілеп кетті

2020 жылғы 23 мамыр 09:51
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстан облысында көліктің өртенуі жиілеп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөліктің өртенуі жиілеп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда бір жарым айда 800 тонна пішен өртеніп кетті Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, биыл автокөліктің өртенуі жиілеп отыр. Өткен жылы осы мерзімде 24 автокөлік жалынға шарпылса, биыл оның саны 28-ге жеткен. Ал тұрғын үй секторында жыл басынан бері 117 (өткен жылы осы мерзімде - 136) өрт болды.


Департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында «Фольксваген Пассат» автокөлігінің мотор бөлігі өртенген. Бұл туралы сағат 11.55-те хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған жоқ.

Сол сияқты кеше Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында ешкім тұрмайтын үй (иесі бар) өртенді. Тасмағамбетов көшесіндегі 4А-үй өртеніп 42 шаршы метрді қамтыды. №23 өрт сөндіру бөлімінің күшімен (4 адам, 1 техника) «тілсіз жау» сағат 10.50-де оқшауланып, 11.35-те ауыздықталды.

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT