Батыс Қазақстан облысында 310 баладан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 310 баладан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өңірде биылғы қаңтар айында 4338, пандемия басталғаннан бері 44 408 адамнан індет табылды.

Осы айда Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында 52 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 45-і вахтаға кірісер алдында тест тапсырса,

жетеуі жұмыстан тыс уақытта медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі кезде өңірде 683 төсектік 12 инфекциялық стационар жұмыс істеуде. Бұларда 279 науқас емделуде, ауруханалар 40,8 пайызға толған. Соның ішінде 270-і қаладағы 510 төсектік 6 стационарда жатыр. Жансақтау бөлімшесіндегі 15 науқастың жағдайы ауыр.

Жыл басынан бері 6 адам коронавирустан көз жұмды.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша 263 623 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 63,6 пайызы) вакцинаның бірінші, 247 791-і (59,8 пайызы) екінші

компонентін салдырды.

Сондай-ақ 35 245 адам ревакцинациядан өтті. 7796 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 275-і – жүкті, 3500-і – бала емізетін әйелдер, 4021-і – жасөспірімдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар