Батыс Қазақстан облысында 20 мұғалім коронавирус жұқтырған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бері 20 мұғалім коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның үшеуі – бастауыш сынып мұғалімдері.

Осы уақыт аралығында Орал қаласы бойынша 18, аудандарда 10 сынып карантинге жабылды.

Сондай-ақ қыркүйек айынан бері 6 мектепке дейінгі мекеме карантинге жабылды.

Өңірде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 42 адам тіркелсе, соның 14-інде ауру белгілері байқалған. Қалған 28 адамда ауру симптомсыз өтуде.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 7499 адамның ауырғаны анықталып, соның 6954-і жазылып шықты. 128 науқас көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тойдан қашқандардың видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар