Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Батыс елдері Қазақстан уранының Ресей арқылы импортталуына тыйым салған жоқ

2022 жылғы 20 мамыр 15:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс елдері Қазақстанның уран өнімдерінің Ресей арқылы импортталуына тыйым салған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

«Санкт-Петербордағы теңіз порты арқылы бағдар - батыс нарығына Қазақстаннан уран өнімдерін жеткізуге арналған негізгі бағыт саналады. Бүгінде батыс елдері тарапынан Ресей аумағы арқылы жеткізілетін қазақстандық уран өнімдері импортына тыйым салынған жоқ. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық акционерлік қоғамы» АҚ экспорт бағдарларын әртараптандыру мақсатында 2018 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта Каспий теңізіндегі қазақстандық порт арқылы Франция, Канада, Румыния және Үндістанға арналған уран өнімдерін сәтті тасымалдады», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар