Батыр Жүкембаев WBC белдігі үшін жекпе-жек өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (12-0-0, 10 КО) бірінші орта салмақта WBC Continental Americas титулы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жүкембаев 26 мамырда Квебектегі «Centre Videotron» аренасында аргентиналық Хонатан Хосе Эниске (20-9-1, 7 КО) қарсы 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда аргентиналық боксшы WBC Latino Silver титулының, ал Батыр Жүкембаев IBO International Super белдігінің иегері.

Осы кештің басты айқасында канадалық Давид Лемье француз боксшысы Карим Ачурмен рингте кездеседі. Жекпе-жекте WBC Francophone және орта салмақтағы WBC International белдіктері тігіледі. 

Соңғы жаңалықтар