Батыр Жүкембаев «МТК Global» промоутер компаниясымен келісімшартқа қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) «МТК Global» промоутер компаниясымен келсімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы МТК Global промоутер компаниясы Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Жүкембаевтың бұған дейінгі кәсіпқой бокстағы мансабын Канаданың «Eye of the Tiger Management» промоутер компаниясы жүргізіп келген.

Еске сала кетейік, қазақстандық бір қатар кәсіпқой боксшы «МТК Global» промоутер компаниясымен келісім жасасқан. Олардың қатарында Жанқош Тұраров, Тұрсынбай Құлахмет, Қамшыбек Қоңқабаев, Ескендір Харсан, Сұлтан Зауырбек, Нұртас Әжбенов, Виктор Коточигов және Әбілқайыр Шегалиев бар.


Соңғы жаңалықтар