Батуттағы гимнастика: Олимпиада лицензиясы үшін сынға түсетін қазақстандықтар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-25 қараша күндері Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді деп, хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған әлем біріншілігінде бір жылдан соң Токиода басталатын Олимпиада ойындарына жолдамалар ойнатылады. Әлемдік сынды 1-ден 8-ші орынға дейінгі аралықта аяқтаған гимнастар автоматты түрде 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін алады. Дүниежүзілік додадаға Қазақстан командасы да қатысады. Олар - Пірмаммад Әлиев, Даниил Мұсабев, Игорь Грачев және Данияр Түсіповтер.

Соңғы жаңалықтар