Батутта секіруден Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы бір «алтын»

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Екінші орынды Франция иеленсе, қола медаль Беларусь өкілдеріне бұйырды.

Грачёв пен Барков Өскемен қаласының өкілдері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қол астында жаттығады.

Спортшылар 4 жылдан бері синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.

Еске салайық, бұған дейін 11-12 жастағылар арасында акробатикалық жолда секіруден алтын медальді қазақстандық Ислам Қабдоллов жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар