Батумиде бес жұлдызды қонақүй өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грузияның Батуми қаласында Sheraton бес жұлдызды қонақүйі отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат TV 25 арнасына сілтеме жасап.

TV 25 жариялаған видеодан қонақүйдің төбесінен қою түтін шығып жатқаны көрінеді.

Әзірге зардап шеккендер, қонақүй тұрғындарының эвакуацияланғаны жайлы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Sheraton Batumi Батумидің қақ ортасына, Қара теңізден 200 метр қашықтықта орын тепкен.

Соңғы жаңалықтар