Баспаналарын жезөкшелерге жалға берген 30 астаналық жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл басынан бері пәтерлерін интимдік қызметтер көрсету үшін жалға беріп келген 30-дан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы күндері қалада «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Полиция департаментінен мәлім еткендей, оның барысында учаскелік полиция инспекторы Гёте көшесіндегі үйдің бірінде өзінің баспанасын жыныстық қызметтер көрсету үшін жалға беріп келген әйел анықталған.

«Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы азаматша А. ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көрінеу жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларды ұсыну) 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ведомстводан.

Департаменттің ақпараты бойынша, елордада жыл басынан бері аталмыш бап бойынша 30-дан астам тұлғаға айыппұл салынған.
Соңғы жаңалықтар