Басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алды – бұл үлкен жетістік. Басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ. Барлық вакциналардың ел аумағында қолдануға рұқсат етілгенін түсіну өте маңызды. Олар қауіпсіз, тиімді, тексерілген және шамамен 2,9 миллион адам осы вакциналарды салдырған. Тиімділігі өте жақсы, біз вакциналаудың көмектесетінін көріп отырмыз», - деді министр А. Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, А. Цой елде коронавируспен қайта ауыру жағдайлары бар екенін ескертті.

«Вируспен ауырғандар енді жұқтырмаймын деп ойлауы мүмкін, бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақстанда қайта ауыру жағдайлары тіркелді, әлем бойынша да осындай статистика бар – көптеген адамдар ауыруда және жағдайлары да өте ауыр. Өкінішке орай, қайтыс болып жатқандар да бар. Сондықтан мұнда өзін қорғау үшін, отбасын қорғау үшін міндетті түрде вакцина салдыру қажет», - деп атап өтті министр.


Соңғы жаңалықтар