Башқұртстанда өткен Фольклориадада қазақстандық әртіс нағашы атасымен қауышты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Уфа (Үфі) мен Башқұртстан аудандарында өткен VI CIOFF Дүниежүзілік Фольклориадасында Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының Ән-би ансамблі өнер көрсетті. Ансамбльдің ерлер хорының солисі Бауыржан Алтынбеков Башқұртстанда өзінің атасымен қауышты, деп хабарлайды ҚазАқпарат bashinform.ru сайтына сілтеме жасап.

Уфаға келген күні ол анасынан Башқұртстанда туыстары бар екенін білген.

«Менің марқұм әжем Танзилия Аксановна таза башқұрт болған. Біздің атамыздың әкесі әскери қызметте жүргендіктен, оны жұмыс бабы бойынша Түрікменстанға жіберген. Сол жерде әжем өзінің болашақ күйеуі – менің қазақ атаммен танысқан. Бір-екі күн бұрын анам туыстарының барлығы, оның ішінде әжемнің туған ағасы да Уфа қаласында тұратынын айтты. Рафаэль Разакович Хасанов – 70 жаста, зейнетте. Біздің үйдегілердің барлығының шаштары қара, тек анам ғана жирен шашты башқұр», - деп айтып берді Бауыржан «Башинформға».

Өкінішке орай, уфалық туыстар денсаулықтарына байланысты «Сердца Фольклориады» концерттерінде бола алмады. Алайда Бауыржан олардың үйіне барды. Көптен күткен кездесу жақсы өтті, туыстар бірге шай ішті.

«Апта бойы кездесуге асығып жүрдік. Бір-бірімізді көрген кезде атам мені бірден танып, құшағына қысты», - деді Бауыржан.

«Енді бір-бірімізбен байланысты үзбейміз, жазысып, хабарласып отырамыз!» - деп келісті бір-бірін ұзақ жылдардан кейін тапқан туыстар. Рафаэль Разакович Қазақстандағы туыстарына жалынды сәлем жолдады.


Соңғы жаңалықтар